2024 жылы ҚР ОАМ «АИБД ҰҒПО» РММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлама

  • 31.05.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 38

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) директорының м.а. 03.06.2024 жылғы №74НҚ бұйрығының негізінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (Агенттік төрағасының 2016 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген) сәйкес ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығындағы қызмет бойынша 17.06.2024 жылдан бастап 26.07.2024 жылға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – ЖТІТ) жүргізілгені туралы хабарлаймыз.

 

Орталық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілетін болады:

 

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуына нормативтік құқықтық актілер мен қызметті, оның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін реттейтін ішкі құжаттарға ішкі талдау жүргізу.

1.1 Орталықтың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

1.2 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау:

1.2.1 персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;

1.2.2 мүдделер қақтығысын реттеу;

1.2.3 мемлекеттік қызметтер көрсету;

1.2.4 рұқсат беру функцияларын іске асыру;

1.2.5 бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

1.2.6 бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

1.2.7 жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

1.2.8 ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

1.2.9 талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ұсыныстар мен ескертулер 2024 жылғы 14 маусымды қоса алғанда, сағат 18.00-ге дейін nnpckp@mail.ru электрондық почтасы арқылы қабылданады.