2024 жылғы «Біздің таланттар» республикалық музыкалық-шығармашылық конкурсының қорытындысы

  • 31.05.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 58

2024 жылға арналған перспективалық жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап АИБД ҰҒПО үйлестіруімен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Біздің таланттар» музыкалық-шығармашылық конкурсы өткізілді.

Финалдық кезеңге қатысу үшін республиканың 16 өңірінен 143 қатысушыдан психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарына баратын барлығы 72 жұмыс ұсынылды. Қатысушылар өз материалдарын «Оркестр», «Шебер қолдар», «Кішкентай биші», «Үздік декламатор», «Бастаушы әртіс», «Алтын дауыс» 6 номинациясы бойынша ұсынды.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай конкурстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Конкурстық комиссия балалардың жақсы нәтиже көрсетуіне, олардың талантын ашуға көмектескен мамандардың жұмысына және оларды дайындағанына зор алғыс білдірді.

Біздің жеңімпаздар мен мамандарды құттықтаймыз! Сіздерге үлкен жеңістер мен келесі шыңдарды бағындыру үшін зор денсаулық тілейміз!

Конкурс нәтижелері мен грамоталар Орталықтың special-edu.kz сайтында жарияланды.

«Алтын дауы» номинациясы бойынша 1-орын - Пашкевич Константин, Алматы қаласы Медеу ППТК. Маман – Г.С. Аксамбиева.

«Үздік декламатор» номинациясы бойынша 1-орын - Сычева Виктория, СҚО Жамбыл облысы ППТК. Маман – М.Г. Шерстобитова.

«Оркестр» номинациясы бойынша 1-орын - "Будашкино" оркестрі, Қызылорда облысы № 3 облыстық РО. Мамандар – Г.Ж. Айдарова, Г.С. Қантаева.

«Кішкентай биші» номинациясы бойынша 1-орын - «Көңілді балақайлар» биі, Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 ППТК» КМК. Мамандар – Г.К. Мендекеева, К.Ж. Бисенбекова.

«Бастаушы әртіс» номинациясы бойынша 1-орын - «Алғырлар» тобы, Жетісу облысы № 8 ППТК. Мамандар – Ж.К. Джанбырбаева, Г.Т. Токтарова.

«Шебер қолдар» номинациясы бойынша 1-орын - Эрисұлы Айбатыр, Алматы қаласы Түрксіб ауданы ППТК. Маман – Д.Е. Амантаева.

«Алтын дауыс» - Орынбек Рамазан, Жетісу облысы Текелі қаласы № 2 ППТК. Маман – Б. Сейқазы.

«Үздік декламатор» номинациясы бойынша 2-орын - Дгаева Айару, БҚО Тасқала ауданы ППТК. Маман - Э.А. Ергалиева.

«Оркестр» номинациясы бойынша 2-орын - Черненко Василиса, Ақмола облысы Ақкөл қаласы ППТК. Маман – Е.В. Якушевская.

«Кішкентай биші» номинациясы бойынша 2-орын - «Жұлдыздар» тобы, Жетісу облысы Сарқан ауданы № 4 ППТК. Маман - Б.С. Байганышева.

«Бастаушы әртіс» номинациясы бойынша 2-орын - «Кішкентай әртістер» тобы, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы ППТК. Маман - О.М. Баяндиева.

«Шебер қолдар» номинациясы бойынша 2-орын - Ханжина Анна, Қостанай облысы Жітіқара ауданы ППТК. Маман - Ю.А. Герцен.

«Алтын дауыс» номинациясы бойынша 3-орын - Шалабай Ұлжан, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы ППТК. Маман – М.К. Қойшыбаева.

«Үздік декламатор» номинациясы бойынша 3-орын - Фролов Тимофей, Жамбыл облысы Қордай ауданы ППТК. Маман - Н.К. Джаналиева.

«Оркестр» номинациясы бойынша 3-орын - «Смуглянка» шу оркестрі, Астана қаласы әкімдігі «№ 1 РО» КММ. Маман – А.К. Калимусаев.

«Кішкентай биші» номинациясы бойынша 3-орын - Курдемова Полина, Ақмола облысы Ақкөл қаласы ППТК. Мамандар – Т.В. Водолазова, Е.В. Якушевская.

«Бастаушы әртіс» номинациясы бойынша 3-орын - «Жұлдыз» тобы, Жамбыл облысы Тараз қаласы ППТК. Маман – А. Сагындыкова.

«Шебер қолдар» номинациясы бойынша 3-орын - Журебек Ернар, Жамбыл облысы Байзақ ауданы ППТК. Маман - А.Х. Билалова.