Орталықтың директорының м.а. Айгүл Байтурсынова Өскемен қаласында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығының және балабақшаның салтанатты ашылуына қатысты
Орталықтың директорының м.а. Айгүл Байтурсынова Өскемен қаласында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталығының және балабақшаның салтанатты ашылуына қатысты.
Балаларды қорғау мерекесі тұспа-тұс келген облыста психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашылды. Бұл балалардың ерекше қажеттіліктерін және олардың ары қарайғы білім алуына септігін тигізетін мекеме екенін атап өту керек.
Бүгінгі таңда 11 мың ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тең қолжетімді білім қызметтерімен қамтамасыз ету үшін 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталығы, «Асыл Мирас» аутизм орталығы жұмыс жасайды. Арнайы бағдарламамен оқыту үшін 12 арнайы білім беру мекемесі (7 жалпы білім беретін, 5 мектепке дейінгі), 55 инклюзия кабинеті (3 мектепке дейінгі) қызмет етеді. Жалпы білім беретін мектептерде 1,5 мың арнайы және инклюзивті сыныптар мен топтар бар.
“Азамат AS-3” ЖШС балабақшасында 12 топтың ішінде 4 топ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған екен.