Шығыс Қазақстан облысының арнайы білім беру ұйымдарымен танысу аясында «№19 қосымша білім беру мектебі-орталығы» КММ-нің мамандарымен ресми кездесу өтті

  • 03.06.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 97

Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директорының м.а Айгүл Байтурсынова Шығыс Қазақстан облысының арнайы білім беру ұйымдарымен танысу аясында «№19 қосымша білім беру мектебі-орталығы» КММ-нің мамандарымен ресми кездесу өткізді.
  Сонымен қатар кездесуге көру қабілетінің бұзылыстары бар балаларды оқыту мәселелері бойынша диалогқа (сыныптар 2019 жылдан бастап ашылды), білім басқармасының қорғаншылық және арнайы ұйымдар бөлімінің басшысы – Айнагүл Бектургенева, «ШЦДО 19» КММ директоры Қайрат Кикбаев, «Ақ ниет» мектеп-интернатының директоры- Светлана Кривицкая, инклюзивті оқыту бойынша әлеуметтік педагог – Анастасия Булашко қатысты.
  Кездесу барысында Қайрат Фазылұлы арнайы сыныптарда білім алушыларды заманауи оқу - әдістемелік сүйемелдеу, мұғалімдерді курстық даярлау және басқа да көптеген мәселелерді көтеріп, ата-аналарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.
  Айгүл Байтурсынова психологиялық-педагогикалық қолдаудың кейбір мәселелері бойынша түсініктеме беріп қана қоймай, бүкіл педагогикалық қоғамдастық шешуі қажет міндеттерге тоқталды. Өз тәжірибесімен бөлісіп, мамандарға пайдалы кеңес берді.