ППТК жанындағы ерте жастан қолдау кабинеті ашылды
Орталықтың директорының м.а Айгүл Байтурсынова балаларды қорғау күніне орай Өскемен қаласындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жаңа ғимаратында ерте жастан қолдау кабинетінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге жағдай жасауға бағытталған тағы бір қадам.
0 жастан 3 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар қызметтің мамандарына жазыла алады, ал жұмыстың негізгі бағыты ата-аналарды оқытуға бағытталады.
Айта кету керек, ерте жастан қолдау қызметі «Мүмкіндіктер уақыты» жобасы аясында «Шеврон» компаниясының қатысуымен «Дара» қорымен ашылды. Компанияның қолдауының арқасында қызмет қажетті жабдықтармен, дамытушы ойын материалдарымен толықтай жабдықталған.