АИБД ҰҒПО директорының м.а. Айгүл Байтурсынованың ШҚО бойынша ресми іссапарынан

  • 05.06.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 49

АИБД ҰҒПО директорының м.а. Айгүл Байтұрсынова С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының заманауи жабдықтарына шолу жасады. Ол университеттің ректоры Мұхтар Төлегеннің білім беру процесінде кадрлар даярлаудың педагогикалық бағыттарының қажеттілігін және стратегиялық көреген шешімін маңызды екенін атап өтті.
Қонақтарға 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Досым Ерболатұлының жетекшілігімен жүзеге асырылатын «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық дайындау және әдістемелік - технологиялық қолдау жөніндегі құзыреттілік орталығы» жобасы аясында «Ростишка» үстелі мен орындығы, вертикализатор – кресло, дефектолог және ЛогоКоржын үстелдері, логопедия және балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша компьютерлік тренажерлер ұсынылды. Рауан Байчиновтың оқу-әдістемелік әзірлемелері ерекше қызығушылық тудырды.
Кездесу қорытындысы бойынша ұйымдар арасында кадрлар даярлау, магистранттар мен докторанттарды тағылымдамадан өткізу, арнайы педагогика және инклюзивті білім беру саласындағы бірлескен жобаларды әзірлеу саласындағы өзара ынтымақтастық орнатылды.