Арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері біліктілігін арттыруда
10.06.2024
ННПЦ РСИО
88
АИБД ҰҒПО-да 03 маусымнан бастап «ҚР арнайы білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтуде. Курсқа республиканың барлық өңірлерінен арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 24 тәрбиешісі қатысып жатыр.
Курстың негізгі дәріскерлері орталықтың тәжірибелі оқытушылары: курс кураторы З.Б. Джангельдинова, п.ғ.к. Ж.Т. Тасжурекова, педагог-дефектолог, кеңесші Г.А. Ильмуратова, логопед-мұғалімдер Ю.В. Шевченко, Т.Е. Мергалиева, ЕДШ нұсқаушысы А.С. Токарева, логопед-мұғалім, ОЖТЕ бөлімінің әдіскері Естемесова Ж.Т.
Педагогтер мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі дамыту әдістерін көрсетті. Тыңдаушыларға оқытудың арнайы әдістері баламалы коммуникация жүйесі, НУМИКОМ, сөйлеуді дамытудың дәстүрлі емес әдістері, Монтессори ортасын ұйымдастыру және АКТ-ны балалармен қолдану ерекшеліктері ұсынылды. Мектепке дейінгі ұйым топтарының арнайы пәндік-дамыту ортасын ұйымдастыру және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру мен тәрбиелеудегі отбасының рөлі мәселелерін талдады.
Курс тыңдаушылары алдағы уақытта балалармен нәтижелі жұмыс жасау үшін әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілді.