Педагогтің қызметі мен жетістіктерін бағалаудың қорытынды рәсімі аяқталды
6 маусымда ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес АИБД ҰҒПО-да педагогтердің қызметі мен жетістіктерінің біліктілік санаты талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі аяқталды.
Педагогтердің қызметінің және жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында аттестаттау комиссиясы портфолионы қарастырып АИБД ҰҒПО 8 педагогының қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізді.
Комиссия шешімімен мәлімделген біліктілік санатына сәйкестігі бойынша Орталықтың келесі педагогтері аттестаттаудан сәтті өтті:
1. Альжанова Дамиля Сембековна (педагог-модераторға);
2. Бекасова Орынбасар Кадарбековна (педагог-модераторға);
3. Ергалиева Мулдир Кайратовна (педагог-модераторға);
4. Карибаева Карлыгаш Араловна (педагог-модераторға);
5. Куанышева Гулбану Кадыржановна (педагог-модераторға);
6. Омаргалиева Гульнур Сагидуллаевна (педагог-зерттеушіге);
7. Пармузин Антон Михайлович (педагог-модераторға);
8. Сисаева Бахыт Султановна (педагог-модераторға);