Арнайы мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері біліктілігін арттырды

  • 14.06.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 145

Ағымдағы жылдың 13 маусымда «Қазақстан Республикасының арнайы білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерін оқыту аяқталды. Курсқа  барлық өңірлерден  24 педагог қатысты. 
«ҚР арнайы білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие мен оқыту процесін жаңғырту тұрғысынан тәрбиешілер үшін  маңызды проблемаларды шешуге бағытталған.
Сабақтарды өткізудің ойын әдісі оқу-тәрбие процесіне тартымды форма  беріп, жаттығуларды есте сақтау және игеру процесін жеңілдетеді. Сабақтардың эмоционалды фонын арттырып, мүмкіндігі шектеулі баланың ойлауын, қиялын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.