Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру мәселелері туралы іс-шара
4 маусым күні Астана қаласының №77 мектеп гимназиясында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім берудің жағдайы, өзекті проблемалары, кадрмен қамтамасыз ету мәселелері және шешу жолдары» тақырыбында іс-шара өтті.
АИБД ҰҒПО директорының м.а. А. Байтурсынова «ҚР-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру» тақырыбында баяндама оқып, көптеген өзекті мәселелерді көтерді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, ғылыми-педагогикалық қоғамдастықтың, арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қоғамының өкілдері қатысты.
Кездесу соңында ашық микрофон өткізіліп, қорытындылар шығарылып, алдағы уақыттағы қадамдар талқыланды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім беруді дамытуда барлық мүдделі тараптар ынтымақтастыққа шақырылды.