Біліктілікті арттыру курсы: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау

  • 21.06.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 104

20 маусымда біліктілікті арттыру курсы аясында мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және жалпы білім беретін мектепте балаларға қолдау көрсету» тақырыбы бойынша оқуды аяқтады.                                           
   Курста мүмкіндігі шектеулі (зиятында бұзылыстары бар) балалардың үйдегі білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі қарастырылды. Мұғалімнің оқушының ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау кезеңіндегі жұмысының мазмұны, жеке оқу бағдарламасын құру, оқу пәні бойынша күнтізбелік жоспар жасау, оқушының оқу процесін ұйымдастыру және оның жетістіктерін бағалау талқыланды. Курстың қатысушылары әдістемелік қолдау ретінде құжаттардың үлгілерін алды.
✅Мектеп директорларының орынбасарлары мен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері алған ақпарат күнделікті педагогикалық тәжірибедегі проблемалық мәселелерді шешуде пайдалы болады деп үміттенеміз.