Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды кәсіптік еңбекке даярлаудың сабақтастығы

  • 21.06.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 134

Орал қаласының «Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы кешен «мектеп-интернат-колледжі» КММ-де 20-21 маусым аралығында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды кәсіптік еңбекке даярлаудың Сабақтастығы: «мектеп-колледж» моделі» атты Республикалық семинар өтті. 
Шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, БҚО Білім басқармасының өкілдері, ғылыми-педагогикалық қоғамдастық өкілдері, зияты бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп басшылары қатысты.
АИБД ҰҒПО директорының м.а. А.А. Байтурсынова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жасөспірімдерді кәсіптік-еңбек даярлаудың мәселелерімен перспективалары» тақырыбы бойынша мәселелерді атап өтті.
АИБД ҰҒПО мүмкіндігі шектеулі балаларға (тұлғаларға) кәсіби білім беру зертханасының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты А.Д. Сейсенова «Мектеп-колледж моделінде зияты зақымдалған білім алушылардың білім беру бағытын әзірлеудің ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері» тақырыбында сөз сөйледі. 
Практикалық бөлімде шеберлік сабақтар, теория пен практикалық сабақтарымен жалғасын тапты. Колледж білім алушыларының қатысуымен «Інжу» сән теартының көрінісі қойылды. Сондай-ақ аяқ киім цехы, тігін цехы кәсіпорындарына барып, жұмыс берушілермен кездесуде талқылау, пікір алмасу ұйымдастырылды.