SOS Алматы балалар қалашығының директоры және директордың орынбасары Орталығымызда қонақта болды
Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!
Ағымдағы жылдың 25 маусым күні SOS Алматы балалар қалашығының директоры Жунусова Динара Нуртаевна және директордың орынбасары Бугубанова Асель Мелисовна Орталығымызда қонақта болды.
Бейресми кездесу барысында Орталықтың жұмыс жоспарымен танысып, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың замануи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жолдарымен сапалы білім берудегі басты факторларды көрсетіп және Орталықтың лекотекасындағы балаларды дамытуға арналған ойыншық құралдарымен кітапханадағы кітап қорымен бөлісу болатын.
Атап өтерлігі, алдағы таңда аталмыш ұйыммен меморандумға қол қойып, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың дамуына бірге ат салысамыз деген ойдамын.
❣️Жақсы жаңалықтарымыз көп болсын!
@specialedu.kz
@oqu_agartu_ministrligi
@soscvalmaty