Орталық мамандарының Шымкент қаласындағы ППТК бойынша жұмыс сапары аяқталды
Орталық мамандарының Шымкент қаласындағы жұмыс сапары аяқталды. Шуақты және ыстық күнде біздің команда №1, №5, №6 ППТК-ға барды.
Іссапар бай, қызықты және нәтижелі өтті.
Психофизикалық дамуы бұзылған балаларды оңалту мен абилитациялаудың көптеген мәселелері қаралды. Апта бойы жүргізілген топтық жұмыс - баламен түзете -дамыту жұмысының сапасын жақсарту және отбасына көмек көрсету бойынша ұсыныстардың әртүрлі нұсқаларын қарастыруға үлкен мүмкіндік болды.
✅№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің әріптестері "Дара" қорының қолдауымен ерте қолдау қызметін ұйымдастыру үшін кабинет бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оны қажетті жабдықтармен және ойыншықтармен жабдықтады.
Шымкент қаласының әріптестеріне жемісті жұмыс және балаларға көмек көрсету ісінде табыс тілейміз!