Есту қабілетінің бұзылыстары балалар мен ересектерге арналған халықаралық музыкалық фестивалі өтті

  • 13.07.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 97

Биылғы жылы кохлеарлы импланты бар балалар мен ересектерге арналған «Ритмы Улитки» Халықаралық музыкалық фестивалі 8-12 шілде аралығында Польша республикасының Варшава қаласында өтті. Фестиваль есту қабілетінің бұзылыстары бар балалардың есту дамуындағы музыканың рөлін атап өтті. 10 жыл бұрын құрылған фестиваль жыл сайын іріктеу кезеңінен өткен Қазақстандық балаларды қабылдайды. Биыл Қазақстаннан тоғыз қатысушы вокал және музыкалық аспапта ойнау номинациялары бойынша іріктеу кезеңге өтті.
 Дайындықтың алғашқы күндерінен кейін Польша радиосында тыңдау өтіп, нәтижелері жарияланды. Әр елден келген 15 қатысушының ішінен финалға тек 5 адам өтті, олардың үшеуі Қазақстаннан: Шархан Ержігіт – вокал (Шымкент), Мұқажанова Анель – жетиген (Астана), Романовский Матвей – саксофон (Қарағанды). Финалистер Гала-концерттің үлкен сахнасында Польша радиосы оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті.
 Біздің орталықтың тәрбиеленушісі 8 жасар Ануар Жакуп фестиваль тарихында алғаш рет ең кішкентай қатысушы атанды. Оның жетекшісі сурдопедагог Г. М. Шолпанкулова болып табылады. 
 Гала-концертте «Ритмы Улитки» екінші фестивалінің жүлдегері Әйгерім Тутова қонақ ретінде өнер көрсетті.