Көрмейтін және нашар көретін балаларға оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу

  • 12.08.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 69

Ағымдағы жылдың 9 тамыз күні АИБД ҰҒПО директорының м.а Айгүл Байтурсынова Шымкент қалалық Білім басқарамасына қарасты «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернаты»КММ-де бастауыш сыныптың мұғалімі Агабекова Актолкын Жусиповнамен бейресми кездесу өткізді.
 
Кездесудің мақсаты: көрмейтін және нашар көретін балаларға оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, өзара тәжірибе алмасу, әдістемелік ұсынымдарды көрсету.
 
Сонымен қатар Орталықтың мол мұрасына айналған кітап қорымен, жаңа форматтағы оқулықтармен танысып, лекатекаға шолу жасалды.