«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы қолдау көрсету» республикалық тамыз конференциясы өткізілді

  • 19.08.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 79

Ағымдағы жылдың 16 тамызында «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» педагогтардың тамыз саммиті аясында онлайн режимде «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы қолдау көрсету» республикалық тамыз конференциясы өткізілді.
  Тамыз конференциясының жұмысына 500-ден астам педагог қатысты. Секция жұмысын арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының м.а. Айгуль Аманжоловна Байтурсынова жүргізді.
  Конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы арнайы және инклюзивті білім беру үшін кадрлар даярлаудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім беруді қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады. 
  Конференцияда ЕББҚ бар балаларды ерте қолдаудың маңыздылығы ескеріле отырып, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жағдайында отбасына ерте көмек көрсетудің жүйелі моделі жеке қарастырылып, өңірлік ППТК-нің тәжірибесі ұсынылды.
  Сонымен қатар, спикерлер психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің консультативтік-әдістемелік көмегінің заманауи тәсілдеріне, ТжКБ жүйесінде ЕББҚ бар тұлғаларды кәсіптік оқытудағы инклюзивті тәсілге ерекше назар аударды. Қосымша білім беру жағдайында АСБ және аутизмі бар балалар үшін даму кеңістігін ұйымдастыру және ЕББҚ бар балалармен түзету-дамыту жұмысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін зерттеу мәселелері қозғалды.
  Конференция соңында ұйымдастырушылар тамыз конференциясының қорытындыларын шығарып, ұсынымдарын қабылдады.