Құрметті Роза Айтжанқызына арналған туған күн құттықтауы

  • 19.08.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 90

Құрметті Роза Айтжанқызы! 
 
Сізді Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізді біздің орталығымыздың алғашқы басшысы ретінде ерекше құрметпен сыйлаймыз! Арнайы және инклюзивті білім беру саласына жасаған ұзақ жылғы қажырлы еңбегіңіз бен кәсіби біліктілігіңіз көптеген адамдарға көмектесіп, бұл саланың дамуына үлкен үлес қосты. Алдағы уақытта әр күніңіз бақыт пен қуанышқа толы болсын! Сізге зор денсаулық, отбасынызда амандық және әйел бақытын тілейміз! Әрдайым осындай күш-жігеріңіз бен жүрегіңіздің жылуы артып, көпке үлгі бола беріңіз!                                                                                               
Құрметпен “Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы” РММ