Алматы қаласында инклюзивті білім беру педагогтерінің секциясы өтті
19 тамызда Алматы қаласында Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» қалалық тамыз педагогтер саммиті аясында «Цифрландыру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту» тақырыбында инклюзивті білім беру педагогтерінің секциясы өтті. Іс-шараны Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы қаласы Алатау ауданы оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы» КМҚК ұйымдастырды.
Орталығымыздың аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер, «Азамат әлеуеті» жеке қайырымдылық қорының Президенті А.Д. Сейсенова зиятында бұзылыстары бар білім алушыларды кәсіби бағдарлау және кәсіби еңбекке дайындау мәселелерін қозғады.
Шара барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мәселелері талқыланып, еркін микрофон, қорытындылау, ұсынымдар қабылдау жүргізілді.