«DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ САММИТІ

  • 21.08.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 88

«Цифрландыру жағдайында инклюзивті білім беру» атты «Digital Kazakhstan: Жаңа замандағы білім беру» Республикалық тамыз Саммиті шеңберінде инклюзивті және арнайы білім беру педагогтерінің  панельдік секциясының отырысы өтті.
Шараның мақсаты – инклюзивті және арнайы білім беруде цифрлық технологияларды дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу, озық тәжірибелермен алмасу және талқылау үшін ашық диалог алаңын құру болып табылады.
Секцияның модераторы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Л.А. Бутабаева, инклюзивті және арнайы білім беруді дамытудың басым бағыттары туралы айтып берді. 
Шараға инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін білім басқармаларының мамандары, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен педагогтері, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтерінің мамандары қатысты.
Іс-шара барысында спикерлер ЕББҚ бар балаларды оқытуға арналған платформалардың қол жетімділігінің ерекшеліктерін қарастырды. Интернеттің ақпараттық ресурстарына шолу жасалып, қызмет түрлері, инклюзивті және арнайы білім берудегі жасанды интеллект мүмкіндіктері ұсынылды. Педагогикалық қызмет жазықтығында виртуалды шындық ерекше қызығушылық тудырды. Инновация ретінде қызметтің негізгі бағыттарын жетілдіру үшін ПМПК жұмысына проактивті форматты енгізу ұсынылды! 
Соңында қатысушылар панельдік секция жұмысының қорытындыларын талқылап, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауап алды.