Ерте жастан қолдау қызметінің ашылу салтанаты
12 қыркүйек күні Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының №10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде ерте жастан қолдау қызметінің ашылу салтанаты өтті. Бұл шара Шеврон компаниясы, «Дара» қоры және Алматы облысы Білім басқармасының бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.
Ашылу салтанатында Алматы облысы Білім басқармасының өкілі Молотова Алия Максимовна, «Дара» қорының менеджері Табергенова Айгуль, АИБД ҰҒПО-ның ОЖТЕ бөлімінің жетекшісі Джангельдинова Зауре Болатовна сөз сөйледі.
Іс-шара аясында ерте жастағы балаларды бастапқы қабылдау технологиялары бойынша шеберлік сабағы өткізіліп, педагогтың ерте жастан қолдау жұмысының ерекшеліктері туралы бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар қатарында Алматы облысы Білім басқармасының өкілдері, Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі, өңірлік ППТК, ПМПК, оңалту орталықтары және «Атамекен» газеті журналисті болды.
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларды ерте жастан қолдау жүйесінің дамуына сәтті әрі табысты жұмыс тілейміз!