Кәсіби дамыту бөлімі өз жұмысын қайта жандандыруда...

  • 13.09.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 104

Кәсіби дамыту бөлімі өз жұмысын қайта жаңдандыруда. Орталық қабырғасында 9-қыркүйектен бастап жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттері өз шеберліктерін арттыру үстінде. Біліктілікті арттыру курсы «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларды педагог-ассистенттің сүйемелдеуі» тақырыбы бойынша өтеді.
Біліктілікті арттыру курсының мақсаты: тыңдаушыларды жалпы білім беретін мектепте мінез-құлқы бұзылған балаларды жеке сүйемелдеу әдіснамалық, технологиялық және әдістемелік білімдерімен және дағдыларымен қамтамасыз ету болып табылады.
 Педагог-ассистент білім беру мекемелерінің штаттық кестесіне кіріспе ретінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар көптеген балалар мен мүгедек балалар үшін сапалы білім алудың өзекті қажеттілігі болып табылады.