Педагог-ассистенттеріне арналған біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды

  • 20.09.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 84

19 қыркүйек күні жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды. 
Курс барысында тыңдаушылар педагог-ассистент қызметінің негізгі бағыттары мен қағидаларымен: ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістерімен және тәсілдерімен танысты. Мінез-құлқында бұзылыстары бар оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға командалық тәсіл алгоритмі қарастырылды. Қатысушылар педагог-ассистенттің психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу құжаттамасын анықтады.
   Іс жүзінде оқушының даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін терең зерттеу әдістері, мінез-құлқында бұзылыстары бар оқушылармен жеке сабақтарды өткізу әдістері меңгерілді.  
   Курс қатысушылары алғыстарын айтып, балаларға көмек көрсету үшін алған білімдерін жүзеге асыруға белсенді ұмтылыстарын білдірді.