Аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды қолдау
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде «SDU University» мекемесінде «Аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды қолдау: медициналық, білім беру және әлеуметтік қызметтерді интеграциялау» тақырыбында ғылыми конференция өтті.
Жетекшілік ететін министрліктердің өкілдері: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Арнайы әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары – Калмакова Гаухар Амангельдиевна, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің Балаларды медициналық әлеуметтік оңалту басқармасының басшысы – Бейсен Майра Борабайқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлгінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директорының зерттеу жұмысы және инновациялар жөніндегі орынбасары – Байбулатова Анар Аскаровна сөз сөйледі.
Конференцияда әлеуметтік қызмет көрсету, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жұмыс нәтижелері мен әзірленген өнімдер таныстырылды.
Медициналық, білім беру және әлеуметтік қызметтердің үйлесімділігін қамтитын пәнаралық тәсілге ерекше назар аударылды.
Конференция жан-жақты тәсілдің маңыздылығын және аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды барынша қолдау үшін әртүрлі салалар арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру қажеттілігін растады.