Д.Айреcтің сенсорлық интеграциясы
Арнайы мектепке дейінгі ұйымдардың, оңалту орталықтары, ППТК және АО психологтары, дефектологтарына арналған біліктілікті арттыру курсы 25 қыркүйек күні «АИБД ҰҒПО» РММ-де «Д.Айреcтің сенсорлық интеграциясы. Сенсорлық-интегративті тәсіл негізінде мүмкіндіктері шектеулі балалармен дамыту жұмысы» тақырыбы бойынша сәтті аяқталды.
Сонымен қатар біліктілікті арттыру курсның білім беру бағдарламасы бойынша түзету-дамыту жұмысында сенсорлық интеграция әдісін қолдану, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін құрал-жабдықтарды және белсенділік түрлерін таңдау мәселелерін қамтиды.
Курстың басты міндеті - тыңдаушылардың «Д.Айреcтің сенсорлық интеграциясы» және балаларға көмек көрсету кезінде сенсорлық-интегративті тәсілді қолдану саласындағы заманауи зерттеулер туралы түсінік қалыптастырып, дамыту болып табылады.