Педагогтердің қызметі мен жетістіктерінің біліктілік санаты талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі аяқталды
2024 жылдың 30 қыркүйек күні ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес АИБД ҰҒПО-да педагогтердің қызметі мен жетістіктерінің біліктілік санаты талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі аяқталды.
Педагогтердің қызметі мен жетістіктерінің біліктілік санатының талаптарына сәйкестігі мақсатында аттестаттау комиссиясы портфолионы қарастырып АИБД ҰҒПО 5 педагогының қызметінің нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізді.
Комиссия шешімімен барлық педагогтер мәлімделген біліктілік санатына сәйкестігі бойынша аттестаттаудан сәтті өтті.