Зиятында бұзылыстары бар арнайы мектептердің қазақ тілі мұғалімдерін оқыту курсы

  • 07.10.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 142

30 қыркүйектен бастап «АИБД ҰҒПО» РММ-де «"Қазақ тілі" пәннің зиятында бұзылыстары бар балаларға оқыту әдістемелері мен ерекшеліктері» тақырыбы бойынша зиятында бұзылыстары бар арнайы мектептердің қазақ тілі мұғалімдерін оқыту курсы басталды.  
Оқытудың бірінші аптасы білім беру саласындағы халықаралық құжаттар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту процесінде қолданылатын заңнама нормалары және ҚР заңға тәуелді актілері туралы білімнің теориялық жаңартуларынан басталды. Дәріскерлер арнайы білім беру ұйымдары жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу процесінде тілдік пәндер бойынша мәселені қарады.