Орталықтың мамандары арнайы мектептің педагогтеріне әдістемелік көмек көрсетті
Алматы қаласының №2 тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар балаларға арналған мектеп-интернатына әдістемелік көмек көрсету мақсатында 8 қазан күні Орталықтың арнайы мектептегі білім беру зертханасының меңгерушісі Ж.Б. Аханова және диагностика және кеңес беру бөлімінің жетекшісі Т.Н. Керимбекова «Арнайы мектеп жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында семинар өткізді.
Арнайы мектеп жағдайында бағадарламалар, педагогикалық диагностика жасау жөнінде және ПМПК-ға жолдау мен қорытындылары жөнінде әдістемелік көмек көрсетілді.
Шараға мектептің арнайы педагогтері, мамандары, әдіскерлері мен мектеп директоры қатысты. Семинар сұрақ-жауап және мәселелерді талқылау форматында өтті. Мұғалімдер мен мамандар өздерін қызықтыратын, әсіресе зиятында бұзылысы бар оқушылармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері бойынша сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен де бөлісті.