Арнайы мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтті
"Қазақ тілі" пәннің зиятында бұзылыстары бар балаларға оқыту әдістемелері мен ерекшеліктері" атты тақырыпта 10 қазан күні "АИБД ҰҒПО" РММ-де зиятында бұзылытары бар арнайы мектептердің қазақ тілі мұғалімдерін оқыту аяқталды.
Практикалық оқу апталығы барысында курс тыңдаушылары Алматы қаласының "№7 арнайы мектеп-интернаты", "№6 арнайы мектеп-интернаты" мамандарының ашық сабақтарына қатысты. Мектеп-интернаттарының құрал-жабдықтармен жабдықталуы, көрнекі - дидактикалық материалдардың алуан түрлілігі тыңдаушыларға мол ақпарат берді.
Курс өту барысында практикалық сабақтарда көргендеріне сәйкес өз материалдарымен, құжаттамаларымен, бейнематериалдарымен дидактикалық материалдармен бөлісті.