Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың басшыларын оқыту

  • 18.10.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 87

Құрметті әріптестер! 
14 қазанда «Әлеуметтік-педагогикалық модель жағдайында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметі» тақырыбы бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың басшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. 
  Курсты өткізудің өзектілігі мен қажеттілігі – инклюзивті білім беруді дамыту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тексеру және оларға кеңес беру бойынша халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру жағдайында консультациялар қызметін реформалауға байланысты болып табылады. 
  Оқытудың бірінші дәріс апталығы Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамалық актілеріне соңғы өзгерістер мен толықтыруларға арналды, сондай-ақ ПМПК басшыларының әлеуметтік-педагогикалық модель негізінде балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін тексеру, кеңес беру, анықтау (бағалау) негізгі бағыттары бойынша кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған.