ПМПК басшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы қалай өтті?

  • 24.10.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 53

24 қазан күні «АИБД ҰҒПО» РММ-де «Әлеуметтік-педагогикалық модель жағдайында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметі» тақырыбы бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың (ПМПК) басшыларына арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Курста республиканың барлық өңірлері бойынша ПМПК-ның 25 басшысы қатысты. 
Оқытудың соңғы аптасында тыңдаушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетуге және проблемаларды бағалауға әлеуметтік-педагогикалық тәсілге сүйене отырып, білім беру жүйесіндегі ПМПК қызметінің басым бағыттары мен қағидаттарын анықтады. Олар әлеуметтік-педагогикалық модель негізінде ерте жастағы, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ ПМПК-да аутизмі бар балаларды тексеру және кеңес беру бағдарламаларын (алгоритмдерін) меңгерді. Курс қатысушылары балаларға көмек көрсету үшін алған білімдері мен дағдыларын өз жұмысында қолдануға белсенді ұмтылыстарын білдірді.
Сәттілік тілейміз!