Арнайы педагогтарға арналған республикалық форум бойынша брифинг өтті

  • 31.10.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 97

Ағымдағы жылдың 31 қазан күні ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ «Арнайы білім беру: заманауи трендтер және болашақтағы даму векторы» атты республикалық арнайы педагогтар форумының өтуіне байланысты брифинг өткізді. 
Басты мақсаты – арнайы білім беру саласы бойынша ақпарат беру, халықаралық тәжірибемен бөлісу, арнайы мамандардың білім деңгейін арттыру, алда өткізілетін форум жайлы хабарлау. 
Брифингте Джангельдинова Зауре Болатовна - Оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің жетекшісі,
Аханова Жанбота Бақтыбекқызы - Ғылыми-әдістемелік бөлімінің Арнайы мектептегі білім беру зертханасының меңгерушісі спикер ретінде баяндама оқып, ақпараттармен бөлісті. 
Брифингке Республикалық маңызды басылымдар мен сайттардың  тілшілері қатысып, өзекті сұрақтар қойды.