Маңғыстау облысында АИБД ҰҒПО мамандары әдістемелік көмек көрсетуде
АИБД ҰҒПО ОЖТЕ бөлімінің мамандары Маңғыстау облысында Бейнеу ауылының, Шетпе ауылының, Форт-Шевченко қаласының және Ақшұқыр ауылының ППТК-де мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету ерекшеліктерімен және жаңа нормативтік-құқықтық актіге сәйкес аталған ұйымдарда мамандар жүргізетін құжаттармен танысты. Олар жеке дамыту бағдарламаларын (ЖДБ) толтыру және түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ олардың мазмұны бойынша әдістемелік және консультативтік көмек көрсетті.