«Арнайы білім беру: заманауи трендтер және болашақтағы даму векторы» атты республикалық арнайы педагогтер форумы

  • 08.11.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 57

2024 жылдың 8 қараша күні онайн форматта ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ ұйымдастыруымен «Арнайы білім беру: заманауи трендтер және болашақтағы даму векторы» атты республикалық арнайы педагогтер форумы өтті. 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі инклюзивті және арнайы білім беру Департаментінің директоры Лаура Асқаровна Бутабаева форумның ашылуымен құттықтап, алғы сөз сөйледі. Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мәселелері мен оларды шешу жолдары туралы  педагогика ғылымдарының докторы, профессор, САТР ЖШС директоры Роза Айтжановна Сулейменова баяндады. Форумның спикерлері Қазақстандағы инклюзивті және арнайы білім берудің негізгі мәселелері жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті. 
Форумда 1000-нан астам білім беру мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдардың мамандары  педагогтерді даярлау, жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар ашу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың отбасыларына ерте жастан көмек көрсету бойынша технологиялары және халықаралық тәжірибесі сияқты маңызды мәселелерді талқылады.
Бұл шара Қазақстанда білім беру жүйесін дамытуда елеулі үлес қосып, қазіргі заманғы тәсілдерді талқылау және тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды.