ОРТАЛЫҚ МАМАНДАРЫНЫҢ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ІССАПАРЫ АЯҚТАЛДЫ
АИБД ҰҒПО ОЖТЕ бөлімінің мамандары Маңғыстау облысы бойынша іссапарын сәтті аяқтады.
Іссапар барысында мамандар арнайы ұйымдардың қызметімен танысып, басшылармен және мамандармен мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өзекті мәселелерді талқылады.
ОЖТЕ бөлімінің мамандары Маңғыстау облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары А.Ж. Тұржанова және балалардың құқықтарын қорғау арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Ш.А. Байдуллаева қатысуымен бір апталық іссапар жұмысын қортындылады.
Сондай-ақ Ақтау қаласының ППТК мекемесінде ППТК, оңалту орталықтардың басшыларына, әдіскерлеріне, арнайы мұғалімдеріне, әлеуметтік педагогтеріне, ЕДШ нұсқаушыларына арнап шеберлік сабақ өткізілді. Шеберлік сабақта қызмет көрсету сапасы мәселесі, баланың психоәлеуметтік проблемаларын сапалы бағалау және нәтижеге бағытталған ЖДБ (жеке дамыту бағдарламасы) әзірлеу жөнінде түсініктеме берілді.
АИБД ҰҒПО мамандары әріптестерінің назарына ЖХС (Тіршілік әрекеті мен денсаулықтың жұмыс істеуінің, шектелулерінің халықаралық сыныптамасы) қағидаларына негізделген пәнаралық топтық бағалауды ұйымдастыру және жүргізу жоспарын ұсынды.
Маңғыстау облысының мамандары практикалық негізде тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар және ақыл-ой бұзылысы бар балалардың халықаралық жіктеме домендерін баланың отбасына көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу, бағалау барысында қолданып білім алды.
Мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ЖХС топтық бағалау, ЖДБ және т.б. тақырыптар бойынша өзекті сұрақтарға жауап ала алды.