14 ҚАРАША – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛОГОПЕДТЕР КҮНІ!

  • 14.11.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 40

Логопедтер адамдарға өз ойларын анық әрі дұрыс жеткізу қабілетін дамытуда аса маңызды миссияны орындайды. Күн сайын олар сөйлеу тілі қиындықтарын түзетіп, қоғамға бейімделуге, қарым-қатынас орнатуға және өмірде табысқа жетуге көмектеседі.
 
Барлық логопедтерді осы төл мерекемен құттықтаймыз! Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізге, шыдамдылықтарыңызға және қамқорлықтарыңызға алғыс айтамыз. Сіздердің қоғамды дамытуға қосқан еңбектеріңіз зор және біз осындай өз ісіне адал мамандармен жұмыс істейтінімізге мақтан тұтамыз. Сіздердің дыбыстар мен мағыналарға толы әлемге қадам басуға көмектесу жолында адамдар өміріне қосқан үлестеріңіз баға жетпес.