Арнайы білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы

  • 15.11.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 44

«АИБД ҰҒПО» РММ-де 4-14 қараша аралығында арнайы білім беру ұйымдарының логопедтері «Жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетудің заманауи технологиялары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілді. 
Курс дәріскерлері келесі басым бағыттарды ашып көрсетті: 
  • білім мен практикалық дағдылардың кең спектрін меңгеру;
  • жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстары болған жағдайда оқушылармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру туралы заманауи әдістері;
  • дисграфия, дислексия және дисорфографиясы бар балаларға түзету-логопедиялық көмек көрсету аясында практикалық әдіс-тәсілдерді қолдану.
Курстың күндізгі оқу апталығы сөйлеу тілінде ауыр түрде бұзылыстары бар балаларына арналған №9 арнайы түзету мектеп-интернатында практикалық сабақтарға толы болды. Қатысушылар жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысы кезінде түзету процесін ұйымдастырудың тиімді формаларын жүзеге асырудағы логопедтің рөлін жан-жақты зерттеді.
Дөңгелек үстел барысында арнайы білім беру ұйымдары қызметінің ережелері саласындағы көптеген мәселелер талқыланды. Барлық сұрақтарға толық және жан-жақты жауап берілді.
ҚР барлық өңірлерінен келген логопедтер курстың мазмұнын және ұсынылған материалдардың алуан түрлілігін жоғары бағалады.