Алматы қаласында «Deaf made - 2024» республикалық инклюзивті фестивалі өтті

  • 22.11.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 33

22 қараша күні Алматы қаласында «Deaf made - 2024» республикалық инклюзивті фестивалі өтті. Шараның ұйымдастырушылары Алматы қаласының Білім басқармасы және Алматы технология және флористика колледжі болып табылады. 
 
Іс-шараның әділқазылар алқасының төрайымы - АИБД ҰҒПО аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер, «Азамат әлеуеті» қайырымдылық қорының президенті Сейсенова Алмагуль Даулетказиевна болды. 
 
Фестивальге Талдықорған, Шымкент және Алматы қалаларынан колледж ұйымдарының есту қабілетінің бұзылыстары бар балалар 4 команда қатысты. ««Біздің бренд» команданың өзін-өзі таныстыруы», «Овация» биі», «Экстрабилити» ымдау әні», «Замануи этно-стиль» сән театры» номинациялары бойынша балалар ерекше шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Фестиваль жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушылар өз өнерлерін паш етті. 
 
Әр баланың көрсеткен керемет туындылары жан тебірентерліктей ұмытылмас шара екенін айта кету маңызды. Қатысушылар мен көрермендер үшін нағыз мереке болды.