Жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттері өз шеберліктерін арттыруда

  • 22.11.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 100

«АИБД ҰҒПО» РММ-де 18 қарашадан бастап жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттері өз шеберліктерін арттыруда. Біліктілікті арттыру курсы «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды педагог-ассистенттің сүйемелдеуі» тақырыбы бойынша өтіп жатыр.
 
Курстың мақсаты – тыңдаушыларды жалпы білім беретін мектепте мінез-құлық бұзылыстары бар балаларды жеке сүйемелдеу әдіснамалық, технологиялық және әдістемелік білімдерімен және дағдыларымен қаруландыру.
Білім беру мекемелерінің штаттық кестесіне педагог-ассистентті енгізу ерекше білім беру қажеттіліктері бар көптеген балалар мен мүгедектігі бар балалар үшін сапалы білім алудың өзекті қажеттілігі болып табылады.