Педагог-ассистенттерге арналған курс: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыстың жаңа тәсілдері

  • 29.11.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 44

28 қараша күні  жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистентеріне арналған біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.
Оқу барысында қатысушылар педагог-ассистенттің қызметінің бағыттарымен және қағидаларымен танысты. Тыңдаушылар оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға командалық тәсіл алгоритмін игеріп, сондай-ақ педагог-ассистенттің психологиялық-педагогикалық қолдау құжаттарын зерттеді. 
Курстың практикалық бөлігі оқушының даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін терең зерттеу әдістерін, мінез-құлқында бұзылыстары бар оқушылармен сабақтарды өткізу әдістемелерін қамтыды. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу үдерісін ұйымдастырудың заманауи әдістеріне ерекше назар аударылды.