Бүкіл әлемде 3 желтоқсан күні Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі
Бүкіл әлемде 3 желтоқсан күні Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі.
1992 жылы 3 желтоқсанда 47-ші сессияда Бас Ассамблея өз қарарында БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді мүгедектерді қоғам өміріне интеграциялау мақсатында Халықаралық мүгедектер күніне орай іс-шаралар өткізуге шақырды. Мүмкіндігі шектеулі адамның ең маңызды мәселелерінің бірі – оның құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғау.
2015 жылы мемлекетіміздің Президенті БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясын ратификациялауға қол қойды. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты әлемдегі ең маңызды заңдардың бірі, ол барша мүгедектердің барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең дәрежеде іске асыруын көтермелеу, қорғауда және қамтамасыз етуде, сондай-ақ оларға тән қадір-қасиетті құрметтеуді көтермелеу болып табылады.