Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі іс-шара
АИБД ҰҒПО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шарасы өткізілді.
Қызметкерлер АИБД ҰҒПО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу фактілері немесе болуы мүмкін бұзушылықтар туралы қызметкерлерді хабардар ету тәртібімен танысты.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қағидаттары туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау мәдениетін нығайту.