Арнайы мектептердің еңбек пәндерінің мұғалімдеріне арналған оқыту курсы басталды
09 желтоқсаннан бастап «АИБД ҰҒПО» РММ-де «Арнайы мектептер жағдайында еңбек пәндерін оқытудың ерекшеліктері мен өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша зиятында бұзылыстары бар арнайы мектептердің еңбек пәндерінің мұғалімдеріне арналған оқыту курсы басталды.
Біліктілікті арттыру курсының мақсаты – педагог кадрлардың қазіргі заманғы қажеттіліктерін және олардың зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектептерде «Қол еңбегі», «Жалпы еңбек даярлығы», «Кәсіптік-еңбек оқыту», «Қолөнер» пәндерін оқыту түрінде кәсіби қызметті орындау барысында кездесетін қиындықтарды ескере отырып, тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру болып табылады.
Оқытудың бірінші аптасы білім беру саласындағы халықаралық құжаттар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту процесінде қолданылатын заңнама нормалары және ҚР заңға тәуелді актілері туралы білімнің теориялық жаңартуларынан басталды. Дәріскерлер арнайы білім беру ұйымдары жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу процесінде еңбек пәндері бойынша мәселені, сондай-ақ курс тыңдаушыларын түзету-білім беру процесінің технологияларын түсінуге және қолдануға бағдарлауды қарастырды.