АНОНС
2024 жылдың 18 желтоқсанында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ базасында «Арнайы білім беру жүйесіне ерте араласу жүйесін дамыту туралы» атты дөңгелек үстел өтеді.
▶Өткізу түрі: онлайн/офлайн. Басталуы 10:00-де.
Дөңгелек үстелге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарының басшылары және Үкіметтік емес ұйымдары шақырылды.
Іс-шарада «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Дара» қорының «Мүмкіндіктер уақыты» жобасының қорытындысын шығару жоспарлануда.