Арнайы білім беру жүйесіндегі ерте араласу жүйесін дамыту туралы

  • 19.12.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 36

18 желтоқсан күні «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ-де «Арнайы білім беру жүйесіндегі ерте араласу жүйесін дамыту туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
 
Алғы сөзін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Бутабаева Лаура Аскаровна айтты. Дара қорының, Санкт-Петербург қ. ерте араласу институтының және Қарағанды қ. ПМПК, мектепке дейінгі ұйымының өкілдері ерте жастан қолдау көрсету мәселелерін қозғады. АИБД ҰҒПО ғылыми-әдістемелік бөлімінің жетекшісі Байтурсынова Айгуль Аманжоловна «Ерте қолдау қызметтері мамандарын даярлау және қайта даярлау бойынша білім беру курсы туралы» баяндамасын ұсынды.  
 
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Дара» қоры жүзеге асырып жатқан «Мүмкіндіктер уақыты» жобасының нәтижелерін, ерте қолдау жүйесінің қазіргі жағдайын, оның мәселелері мен даму перспективаларын талқылады. Ерекше назар кадрлық әлеуетті арттыру мен мамандарға арналған білім беру курстарын енгізуге аударылды.