Арнайы мектептердің еңбек пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы қалай өтті?

  • 20.12.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 3

«АИБД ҰҒПО» РММ-де «Арнайы мектептер жағдайында еңбек пәндерін оқытудың ерекшеліктері мен өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша  зиятында бұзылыстары бар балаларға  арнайы мектептердің еңбек пәндерінің мұғалімдері үшін оқыту курсы аяқталды.
   Курстың оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес Алматы қаласының арнайы мектептерінің базаларында дәріскерлер практикалық сабақтар өткізді. Тыңдаушылар Алматы қаласы Білім басқармасының  «№6, №7  зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты» КММ еңбек пәндері мұғалімдерінің ашық сабақтарына қатысты. 
 
Атылмыш курска қатысқандар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жағдай жасау дағдыларын меңгеріп, оқушыларды тәрбиелеу және оқыту барысында нормативтік-құқықтық негіздеме ала алды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды «Қол еңбегі», «Жалпы еңбек дайындығы», «Кәсіби еңбек оқыту», «Қолөнер» пәндерін оқыту процесінде заманауи әдістер мен арнайы технологияларды игерді.
   Курс тыңдаушылары теориялық білім алып қана қоймай, зиятында бұзылыстары бар балалармен одан әрі табысты және жемісті жұмыс істеу үшін өздерінің әдістемелік дағдыларын толықтыру мүмкіндігіне ие болды.