Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау үшін ғылыми-практикалық әзірлемелерді енгізу бойынша пәнаралық семинар

  • 07.02.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 74

05.02.2025 ж. АИБД ҰҒПО-да ғылыми-әдістемелік бөлімінің арнайы мектепке дейінгі білім беру зертханасының қызметкерлері мен оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің педагогтарының қатысуымен «МШ балалар мен олардың ата-аналарына арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жөніндегі жұмысқа ғылыми-практикалық әзірлемелерді енгізу» тақырыбында пәнаралық семинар ұйымдастырылды.
Пәнаралық семинардың мақсаты – әдістемелік қолдау және әдістемелік ұсынымдарды енгізу арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың, дамыту мен әлеуметтендірудің сапасын арттыруға бағытталған ынтымақтастық.
Семинар барысында Т.А. Вишневская қатысушыларды әдістемелік ұсынымдардың мазмұнымен таныстырып, олардың негізгі аспектілерін ашты. Сондай-ақ арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық санаттары үшін арнайы білім беру жағдайларының жүйесін ұсынды.