Мектепке дейінгі ұйымда тифлоқұралдар мен материалдарды пайдалану

  • 14.02.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 38

2025 жылдың 13 ақпанында мектепке дейінгі ұйымдарда тифлоқұралдарды пайдалану мәселелеріне арналған онлайн-семинар сәтті өтті. Іс-шара «Дара» қоры мен Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп, Шеврон компаниясының қолдауымен «Әлемді ашамыз. Мүмкіндіктер уақыты» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Семинарға 60-тан астам басшылар, әдіскерлер және тифлопедагог мамандары қатысты.  «Дара» қорының жобалар мен бағдарламалар директоры М. Шешембекова және АИБД ҰҒПО ғылыми-әдістемелік бөлімінің жетекшісі К. Ахмедиева алғы сөзбен пікір білдірді.
Дәріскер ретінде АИБД ҰҒПО ғылыми қызметкері, тифлопедагог Татьяна Анатольевна Вишневская сөз сөйледі.
Семинар бағдарламасында:
✅ Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарды жарақтандыру бойынша зерттеу нәтижелеріне шолу;
✅ Жоба шеңберінде алынған тифлоқұралдар мен материалдарды көрсету;
✅ Құралдарды балалармен түзету және дамыту жұмыстарында қолдану ерекшеліктерін қарастыру болды.
Семинар тәжірибе алмасу, жаңа білім алу және көру қабілетінің бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды.