Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

  • 17.02.2025
  • ННПЦ РСИО
  • 65

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылдың 14 ақпан күні ZООМ платформасында «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында онлайн-семинар өтті. 
Шараға барлығы 100-ден астам аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, инклюзивті қолдау кабинеттерінің педагогтері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының психологтары мен топ кураторлары қатысты. 
Семинар барысында «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми практикалық орталығы» РММ-нің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер А.Д.Сейсенова білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді кәсіби бағдарлау және еңбекке даярлау мәселесі бойынша ақпаратпен бөлісіп, заңнамалық құжаттарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара соңында қатысушылар арасында кері байланыс жасалып, семинардың қорытынды талқылауы өтті.