Біліктілікті арттыру курсы
17 ақпаннан бастап «АИБД ҰҒПО» РММ-да психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері және оңалту орталықтарының психологтары мен дефектологтарына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Курстың тақырыбы: «Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылыстары немесе қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету».
Курста еліміздің аймақтарындағы арнайы білім беру ұйымдарынан келген 26 маман білім алуда. Оқу барысында қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылыстары немесе қиындықтары бар балалар мен олардың отбасыларына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету және олардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша теориялық білімдер кешені қарастырылады.
Лекцияларда психологиялық-педагогикалық диагностика және аутистік спектрдегі бұзылысы бар балаларға көмек көрсету мәселелеріне қатысты ғылыми негізделген заманауи тәсілдер қамтылған.